Мажарстанда коронавирус індет туралы күн сайын ақпарат беру тоқтатылды. Бұл туралы Мажарстан Үкіметінің ресми ақпараты хабарлады деп жазды Мадияр-Тұран Қауымдастығының үйлестірушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Қинаят өз парақшасында.

Індет жұқтыру азайған, кеще бір адам ғана ауырған.
Мажарстан үкіметінің індетке байланысты құрылған Төтенше әбжіл (оператив) комиссиясы ақпанның 25-нен бастап 113 күн бойы кезекшілік жұмыс жасап келді. Комиссия ІІМ қауірсіздік ұйымының ғимаратында орналасқан, оған ІІМ-нің күллі құрылымы жұмылдырылған. Сонымен бірге, елдің Денсаулық, Сыртқы істер, Инновация, Ауыл шаруашылық, Қорғаныс министрліктерінің өкілдері де комиссияға қамтылған. 100 күн ішінде комиссияға ел азаматтары187 мың қоңырау шалған, 64 мың Э-почта жазып көмек сұраған...
Күн сайын сағат 11-де елдің бас сандәрігері және полиция лауазымдысы (Бас Полиция өкілі және жедел қызмет жеткішісі, полковник) соңғы ақпараттық есепті халыққа хабарлап, коронавирустың таралуы, аурудың жай-күйі және үкімет қабылдаған шаралар туралы шектеулер оның ауқымы мен мерзімдері туралы тұрақты хабардар етіп келген-ді.
Мажарстанда коронавирус індеті 4 наурыз күні екі ирандық студенттен анықталған. Алғашқы өлім 15 наурызда орын алды, ал 16-шы аптадағы ең жоғары көрсеткіш 97 өлім болды.. 20 жасқа дейінгі жұқтырғандардың саны - 90. Ауру жұқтырғандардың 57% -ы әйел, 43% -ы ер адамдар.
Қазіргі дейін 4 078 адамға (93-і шетелдіктер) жұқтырған, оның 2547 адам толықтай сауыққан, қайтыс болғандар - 567. Отыз жасқа дейінгілер арасында өлім-жітім тіркелген жоқ, Өлімнің 20 пайызы 80-нен асқан, 25 пайызы 65 жастан асқандар. 100 мың адамға шаққанда инфекция деңгейі 49, өлім деңгейі 5,8 төмен көрсеткіш деуге болады. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін шет елден 93 адам індет әкеген, көбі Австриядан 33, Британиядан 17, басқа елдерден 3-5 адам ауру жұқтырып келген.
Қазіргі белсенді түрде 964 адам ауруды жұқтырған, 275 адам ауруханаға жатқызылған, 19 адам респираторға түскен. Барлығы 235 377 адам тестілеуден өткен. Кезекшілік хабар тарату тоқтатылғанымен, төтенше комиссия өз жұмысын жалғастыра береді.

"The Qazaq Times"