Қыркүйекке жоспарланған БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы мемлекет пен Үкімет басшыларының қатысуынсыз, онлайн өтеді.

қазіргі уақытта мемлекет басшыларының қашықтан жасайтын баяндамалары қай ретпен өтетіні және қалай аударылатыны талқыланып жатыр. БҰҰ-на мүше елдердің күзге жоспарланған өзге маңызды кездесулері де бейнеплатформаға ауыстырылады. Бұл жөнінде БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы: «Бас Ассамблея өтетін кезде қандай медициналық нұқсау берілетінін білмейміз. Бұған қатысты АҚШ үкіметінің ұстанымы маңызды болмақ. Алдағы екі аптада өтетін кеңестер нәтижесінде бұл басқосудың қалай өтетіні анық болады деген үміттемін. Жалпы қыркүйек айында мемлекет пен үкімет басшылары Нью-Йоркке келеді деп болжап айту қиын», - дейді.

Ұйым өкілдері ұсынған ресми мәліметтер бойынша, жалпыға бірдей пікірталас жоспар бойынша биыл 22 мен 29 қыркүйек аралығында өтеді. Бас Ассамблея мәжілістер залында өтетін ашылу салтанатына 75-сессия Президенті және БҰҰ Бас Хатшысы қатысады. Ал ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары немесе министрлері алдын ала жазылған бейнебаяндамалар жасайды.

"The Qazaq Times"