Иранда соңғы апталарда Covid-19 жұқтырғандар саны күрт көбейді. Халықаралық эксперттер бұл пандемияның екінші толқыны деп алаңдап отыр. Иранда қайталай төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Статистикалық мәліметтерді салыстырғанда, Иранда маусым айының алғашқы аптасында корона вирус жұқтырғандар саны мамырдың соңғы аптасына қарағанда 50 пайызға көп болған. Бұған дейін мешіттер мен базарларды жабуға қарсы болып келген ел енді карантин шарасын күшейтуге мәжбүр болып отыр.

ДДҰ көктеген елдерді карантина шараларын ерте босатты деп сынға алды, бұл пандемияның екінші толқынына күш береді деп ескертуде. Иран қатаң карантин шараларын тоқтатуға асықпаған, алайда экономиканың жалғасты құлдырап, әлеуметтік дағдарысқа ұрындырмау үшін шектеу шараларын босатты.

Әлем елдерінде карантин шаралары алынып тасталғаннан кейін АҚШ бастап, Молдова, Оңтүстік Корея, Пәкістан қатарлы елдерде вирус жұқтырғандар саны секіріс жасады.

Иранның денсаулық сақтау министрінің айтуынша елде тест анықтаулар көбейгендіктен статистика өскен. Алайда елде вирус жұқтырып қаза болғандар саны сәуірдің бас шегіндегідей тәулігне 100 адамнан кем болмай тұр.

"The Qazaq Times"