Алматы обылсының атқа мінерлері «Кедей елдің кедей мұғалымін» бір күнде бақытты қылып жіберді. Облыс орталығы Талдықорғанға тиіп тұрған Көксу ауданының Мұқыр елді мекеніндегі жағдай осындай болғанда облыс орталығынан шалғайдағы елді мекендердің жағдайын елестетудің өзі мұң шығар. Әлде Баталовтың командасы қарамағындағы барлық мұғалімдерді Байболатовадай бақтты ете ала ма?

Елдегі эпидемиялық жағдай салдарынан білім және ғылым министрлігінің жолға қойған қашықтан оқыту бағдарламасы «цифрлы Қазақстанның» сыйқын ашып тастады. Азуды айға білеп тұрып отыз жылғы жетістік ретенде әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіріп еліміздің алыс түкпірлеріне дейін интернетпен қамтылып цифрлы әлемнің сыйқырлы күше ие болдық деген жалған жарапазанының арты ашылып жатыр. Ал сол ашылған жерді жаба тоқып әлекпіз. Соның бір мысалы Алматы облсының Көксу ауданындағы мектеп мұғалімі Майра Байболатованың әлем желідегі арт-артынан салған екі түрлі бейнежазбасы.

Алматы облысының әкімдігі «kundelik.kz» ке кіру үшін екі кештің арасыда наутбугін арқалап ауыл кезіп интернет іздеп жүрген мұғалімнің жағдайын қалай шешті. «Қазқастан жерінде жалғыз менің үнім, менің ғана айқайым емес, барлық республика бойынша қанша мұғалім осылай жүр екен?! ... қайыршы кедей мемлекеттің кедей мүғалімімін» деп екі етегі жасқа толған мұғалім араға күн салмай жатып «Армысыздар қазақ елі мен Байболатова Майра Берікқызы кешегі күні интернет желісіне салған бейна жазба туралы ақпарат бергім келді. Мені толғандырып жүрген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы билік органдары атап өтер болсам Көксу ауданының әкімі Алмас Қабдылұлы және де әкімдіктің қызметкерлері интернет желісіне қосылу мәселесін, болашақта баспана мәселесін шешіп беруге уәде берді. Мен халық үніне құлақ асатын мемлекетке сенемін. Қазіргі таңда мен өзімнің бейнежазбамда айтылғандай өзімнің туған жерімді «кедей мемлекет» деп айтқаным үшін жалпы жұршылықтан кешірім сұраймын»  деген үндеу жасады.

Алыс аудандарды қойып Алматы қаласынан 20 шақырым аудан орталығы Талғардан 3 шақырым жерде орналасқан Қызыл-Қайрат елді мекеніндегі интернет іздеп үйдің шатырымен интернет ұстайды-ау деген биік тұғыр іздеп жүрген өз жағдайымыз да «цифрлы қазақстанның» Алматы облысында сын көтермейтініне куә. «Қазақтелекомнан» бастап, әкім қараларының біразына хабарласып ақыры Майраның алғашқы бейнежазбасын салған күннің кебін кешіп отырмыз.

Біздің айтпағымыз Алматы облысына қарасты 3 қаланы қайдам 17 ауданның біразында қашықтан оқытуға байланысты интернеттің қол жетімсіздігін атқа мінерлер жауырды жаба тоқымай нақты іс-әрекетке көшіп қол жетімді етсе деген халық тілегі. Бір Байболатованың аузын жапқанымен Майра секілді интернет іздеген мыңдаған адамның аузын қалай жаппақ?!

The Qazaq Times"