Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ COVID-19 вирусының таралуына байланысты Токио, Осака және тағы 5 префектурада 6 мамырға дейін төтенше жағдай енгізілді.

Енді Токио, Тиба, Канагава және Сайтама, Осака, Хиого мен Фукуокеде ел тұрғындарының аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауы тиіс. Режімді сақтамағандарға заң жүзінде жаза қарастырылған жоқ, бірақ ел билігі тұрғындарға төтенше жағдай талаптарын сақтауға үндеді.

Жапонияда коронавирустың таралуын төмендету үшін барлық шаралар қарастырылып жатыр. Қоғамдық көлік тоқтамайды, бірақ Абэ аталған префекуралардағы азаматтардан сапарларын тоқтата тұруды сұрады.

Әлем бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып кетті. Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 4800-ден асты, оның 700-ге жуығы ақпанда Йокогама портында карантинге тоқтатылған Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары. Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтуі керек болған Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирустың таралуына байланысты 2021 жылға шегергені хабарланған болатын.

"The Qazaq Times"