Өзбекстан словакиялық "Chirana" компаниясымен бірге жасанды тыныс алу аппаратын жасайды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Өзбекстан инновация министрлігінің басқарма басшысы Жамолиддин Бабахановтың айтуынша, өндіріс биыл мамыр айында басталады. Зауыт Ташкент облысы Бектемір ауданында салынады. Құрылыс биыл қыркүйек айында аяқталуы тиіс.

Шетелдік компания жобаның алғашқы кезеңінде 3 млн доллар инвестиция салады. Жобаның екінші кезеңінде 5-6 млн доллар инвестиция тартылады. Зауыт 100 адамға жұмыс береді.

"Жасанды тыныс алу аппараты қазір әлемнің 12 елінде шығарылады. Мұндай зауыттың Өзбекстанда ашылуы - елдің медициналық қауіпсіздігін арттырады", - дейді "CHIRANA+" компаниясының бас директоры Василий Шимко.

Аппарат болашақта Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға сатылады.

Өзбекстанда 342 адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сақбек Майя

"The Qazaq Times"