Өткен аптада талқыланған тақырыптардың бірі экс президент, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтің біраз уақттан бері жұрт алдына шықпағанына байланысты қызу талқы болды. Осыған орай экс президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай арнайы түсініктеме жасады.

10 наурыздағы Мәскеу сапарынан соң экс президентті көрмегендерін айтқан жұрт әр түрлі болжамдар жасап жатыр. Солардың бірі демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай «Елде осындай қиыншылықтар басталған шақта Нұрсұлтан Назарбаев жоқ болып кетті. Ол неге жоқ болып кетті? Бұл енді үнемі сол Назарбаевтің өзіне тән қасиет! ...елде ырду-дырду басталып не болмаса бір қиын жағдай болған кезде Нұрсұлтан Назарбев үнемі жоғалып кетеді. Мысалға 2006 жылы «Шаңырақ уақиғасы» орын алды. Сол уақиға тұсында Нұрсұлтан Назарбаев елде болған жоқ. Одан кейін талай уақиғалар орын алды. Әртүрлі осындай уақиғалар орын алған тұста Назарбаев еш уақытта халықтың алдына шықпайды. Еш уақытта елдің алдында болмайды...» десе, әлем желінің айтамандары «Көрінбесе – «қайда кетті?» Шыға келсе –«шал кет!». Үндемесе – «өліп қалды» Сөйлесе – «алжыған қақпас». Бұл не, ол кім?» деп жұмбаққа айналдырса «Сап-сау, сенбесеңдер әкімнен сұраңдар! Әкімдер енді кезекпен шығып, денсаулығы керемет, жаңа ғана сөйлестім деген пост шыға бастайды» деп жатқандар да бар.

Осындай қызып тұрған түрлі пікірлерге түсініктеме ретінде экс призденттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай: Назарбевтің бірқатар аймақ басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылағанын, әрі қатаң карантин жағдайына байланысты Назарбаевтың жұмыс кабинетіне адам кіруі шектелуі керек екенін айта келіп әлем желідегі «Назарбев тірі ме?» дегендерге қарата қауесеттерге түсініктеме бермейтінін, «Ал кімде-кім күмәнданса, онда кеше Елбасы сөйлескен кез келген әкімнен бұл туралы сұрауға болады", - деді.

Сондай-ақ баспасөз хатшысы елдегі енгізілген барлық шектеулер алынғанда, Бірінші Президенттің қатысуымен өтетін жұмыс кездесуінен немесе кеңестен бейнежазба жасайтынын да айтты.

"The Qazaq Times"