Денсаулық сақтау министрлігі бүгін түскен дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 22 науқас анықталғаны туралы хабарлады.

Жедел әрекет ету штабының хабарламасында «коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді. Олардың 16-ауы астанада, 4-еуі Алматы, бір-біреуден Атырау және Қызылорда облыстарынан» делінген.

Өткен тәулікте бұған дейінгі ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді. 28 наурыз 78 науқас анықталды. Өкінішке қарай, Алматы қаласы мен Шу өңіріне құдалыққа барып жүріп, ауру жұқтырған 56 жастағы ақмолалық тұрғын 26 наурыз таңда көз жұмған. Елде жалпы жиыны 251 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Ақпарат министрі Дәурен Абаев оның «18-і айығып шықты, үшеуі Алматы қаласынан, 15-і астанадан» деп хабарлады.

  • Астанада – 151;
  • Алматы қаласында – 64;
  • Қарағанды облысы – 7-еу;
  • Ақмола мен Атырау облыстары – алтаудан;
  • Жамбыл облысында – 3-еу;
  • Алматы облысында – 4-еу;
  • Шымкент қаласы, ШҚО, Қызылорда облысында – екеуден;
  • Ақтөбе, Павлодар, СҚО, Маңғыстау облыстарында – біреуден.

"The Qazaq Times"