Індет жағдайының өршуіне байланысты әлем елдері қатаң шараларға өтті. Испанияда індеттен көз жұмғандар бұрынғыдан арта түсті, Британияның парламенті бір айға жұмыс тоқтатты, Италия болса ең қатаң режимде тұрғаны белгілі. Нью-Йорк, Руанда, Калифорниядан тартып Жаңа Зелендия, Оңтүстік Африка елдері де індетке қарсы күресті күшейтті.

Ал осылардың қатарына Үндістанның қосылуы әлем халқының (7, 8 млрд шамасындағы) төрттен бірі карантинде отырғанын көрсетті.

АҚШ-та ең ауыр жағдай Нью-Йорктың басына түсті. Штат губернаторы Трамп әкімшілігінен көмек сұрап мәлімдеме жасаған.

Кешеден бастап Үндістанда абсолютты карантин жарияланды. Елдің өңірлері мен қалалары арасында шекаралар жабылды. Премьер-минтстрі Нарендра Мдои әрбір штатты, әр округты, керек болса әр ауылға дейін рңашалауға шақырды. Осылайша елдегі 1, 3 млрд халық 21 күн үйден шықпаййотыруы керек.

Үндістандағы індетке қарсы шаралар елдегі әлеуметтік жағдайы төмен халықтың басым көп еңбек күшіне әсер етпеу. Олар көбінде жалдамалы жұмыс істеп күн көрген, күндік табыстарымен жан бағып келген әлеуметтік топқа үлкен соққы. Себебі, олар үшін емделу, тамақтану әр күнгі істеген еңбектері арқылы келіп тұрады.

БҰҰ кедей елдердің індетке қарсы күресуіне қолдау көрсету үшін арнайы қор құрды.

"The Qazaq Times"