Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус Cоvid-19 коронавирус пандемиясының әлемде күн санап жоғары қарқынмен таралып отыр дейді.

Вирус жұқтыру дерегі бірінші рет анықталып, 100 мың адамға жеткенге дейін 67 күн өтті. 100 мыңнан 200 мыңға дейін 11 күннің ішінде жетсе, кезекті 100 мың адам бар болғаны төрт күннің ішінде анықталған. Женевада өткен баспасөз мәслихатында ДДСҰ өкілдері барлық мемлекеттер карантинді талаптарын орындамайынша,қауіпті вирустан зардап шегушілер саны азаймайды дейді.

Соңғы деректер бойынша, коронавирус әлемнің 157 еліне тарап, 375 мыңға жуық адамнан вирус дерегі анықталды. 16 332 адам қайтыс болса, 100 мыңдай адам дерттен сауыққан.

"The Qazaq Times"