Жақын уақытта Ravon өзбек брендінің көліктері кеңейтіледі. Бұл жөнінде компанияның бас директоры Шараф Ашуров мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап «Орталық Азия хабар қызметі» жазды.

Оның сөздерінше, Ravon бренді бойынша С санаттағы арзан көліктер жасап шығарылады.

АҚШ-та жаңа Chevrolet Cruze-дің екінші генерациясы сатылымға шыққан. Оның ізбасары әрі қарай Ravon ретінде жалғасады. Өзбекстанда хетчбэк, седан және әмбебап Chevrolet Cruze шанақтары шығарылуы мүмкін деп жазады жергілікті БАҚ.

Екінші түрі Ravon-ның ықшам кроссовері B-SUV сегменті болмақ. Бұл Chevrolet Tracker көлігі жайында. Ол бензинді аз қажет етеді.

“The Qazaq Times”