Еуроодақтың Brexit мәселелері бойынша мәмілегері Мишель Барнье COVID-19 коронавирусын жұқтырды.

Daily News-ке: «Менің COVID-19 вирусына тапсырған тестім оң нәтиже көрсеткенін хабарлағым келеді. Менің жағдайым жақсы. Командам сияқты барлық қажетті нұсқаулықтарды ұстанамын. Зардап шеккен, қазір оқшауланып жатқан барлығымыз бұл сынақтан өтеміз», - деп хабарлады Барнье.

Осы аптада Лондонда өтуі тиіс Ұлыбритания мен ЕО-ның алдағы қарым-қатынасына қатысты сауда келіссөздерінің кезекті кезеңі болмайтын болды.

2019 жылдың соңында Қытайың Хубэй провинциясынан тараған коронавирус 140-қа жуық елге таралып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дертті пандемия деп таныды. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 218 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 8,5 мыңға жуық адам қайтыс болған.

"The Qazaq Times"