Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті. 

«Бүгін таңертең коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Бірі – әйел адам, екіншісі – ер адам. 1959 жылғы әйел Алматыдағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ол – таяуда Мәскеуден ұшып келген, коронавирус жұқтырған ер адамның жұбайы», – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Екінші науқас 1995 жылғы жігіт кеше Оңтүстік Корея астанасы Сеулден Алматыға ұшып келген. Министрдің сөзінше, науқаспен бірге ұшып келген жолаушылар әуежайдан бірден карантинге жатқызылған.

Қазір Қазақстанда 1425 адам станционарлық, ал 545 адам үй карантинінде жатыр.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, алдағы аптада астана мен Алматы қаласында жаппай күшейтілген режим енгізілуі мүмкін.

Министрлік ақпараты. Фото: ДСМ

"The Qazaq Times"