Нарықта мұнай бағасы арзандады. Brent маркалы мұнай бағасы тоқсаныншы жылдардан бері құлдырап көрмеген деңгейге бір-ақ түсті. Нарық күйзеліп, теңге теңселді.

Өткен дүйсенбіде әлем дүр­лікті: осы ай басында ғана әр баррель-бөшкесі 52 доллардан саудаланған «қара алтын» құны 9 наурызда 33,94 долларға дейін құлдырады. Барлық дүние­жүзілік биржалар терең құр­дымнан бір-ақ шықты.

Ұлттық банк баға тұрақтылы­ғын қолдап, теңгенің құнын қор­ғау мақсатында базалық ставканы және пайыздық дәлізді жылдық 12%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Теңгенің еркін өзгермелі айырбастау ба­ғамы режимін ұстанады, алайда қандай да бір күтпеген өзгеріс­тер болса, қаржы жүйесінің тұрақты­лығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенция жүр­гізіледі.

Ұлттық банк бұған дейін де интервенция жасағаны есімізде. Мәселені шешудің басқа тетігін қарастырмай, интервенцияға иек арту шарасыздықты білдірсе керек.

"The Qazaq Times"