Apple компаниясының акция бағасы 2017 жылдың алғашқы үш айында 24 % өсіп, бес жылда ең үздік маусымдық көрсеткішке жетті. Жылдың алғашқы үш айында «Apple» өзіндік құны тарихындағы ең жоғары шекке жетіп, 1,448 жүз миллион АҚШ долларын құраған.

Birinyi Associates сараптау агенттігі «Poor '» стандартына толымды 500 ірі компанияның соңғы 20 жылдан бергі деректерді саралаудан өткерген. Олардың көрсеткен мәліметі бойынша нарықтағы ең жоғары көрсеткіш 2012 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген екен. Тізімдегі компаниялар арасында   Apple компаниясы ғана осы деңгейді жалғасты сақтай алған.

Бірінші тоқсандағы жоғары өнімділік Apple компаниясын Dow Jones индексіндегі 30 ірі қордың қатарында алға ілгерілетті. Сонымен бірге ірі қорлардың бестен бір үлесін ұстады. Америкадағы президент сайлау науқанынан кейін технология саласының қор биржасы инвесторлар тартуға ең қарқынды түрде кірісті. Сол қатарда ең табысты жұмыстары мен  Apple компаниясы ең үлкен бенефициарлардың бірі болды. 2017 жылы технология қор нарығы 12 пайызға өскен.

“The Qazaq Times”