Америка Құрама Штаттары Еуропа елдері үшін шекарасын жапты. АҚШ президенті Дональд Трамп бұны коронавирусқа қарсы қатаң шаралардың бірі деп түсіндірді.

Президент Трамп мәлімдемесінде барлық Еуропалық елдерге АҚШ шекарасы 30 күнге жабылатыны айтылған. Бұған Еуропада коронавирустың өте жылдам таралып бара жатқаны себеп болған. Бірақ, бұл шектеуден Британия тыс қалды. Қазірге дейін ағылшын елінде 460 адамның вирусқа шалдыққаны мәлім болған болатын.

Мәлімдемесінде Трамп Еуропаны вирусқа қарсы жетерлік дайындық көрген жоқ деп те сынға алған. Шектеу ережелерінде АҚШ-қа кірмекші болған өзге мемлекет азаматтары соңғы 14 күн ішінде Еуропада болған болса ел шекарасына кіргізбеу туралы да айтылады.

АҚШ президентінің болжауынша індет жағдайы экономикаға ауыр соққы жасайды, сондықтан Конгресті зардап шеккен кәсіпкерлерге миллиардтаған доллар көлемінде несие беру, жалақыға салынан салықты уақытша тоқтатуға шақырып отыр.

АҚШ-тағы Аллергия және жұқпалы аурулар институтының жетекшісі Антони Фауци Корнгреске жасаған мәлімдемесінде індет жағдайы бұдан да ауыр бола түсуі мүмкін екенін айтқан. Құрама Штаттың қиыншылығы індет кезінде елдегі медициналық жабдықтар мен қызметтің қымбат болуы. Осыған байланысты Трамп әкімшілігі вирусқа шалдыққандардың медициналық шығынын сақтандыру компанияларына жүктеді.

“The Qazaq Times”