Астана полициясы 10 сәуірден бастап халықтың қолындағы заңсыз қаруларды сатып алу акциясына кіріседі. Яғни, мылтық, оқ-дәрі, жарылғыш зат секілді адам өміріне қауіпті қарулар жиналмақ. Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 Мемлекет әрбір заңсыз қару әкелушіге ақша төлену қарастырылған. Оның көлемі 10-100 айлық есептік көрсеткішке қарай болмақ. Яғни, әрбір қарудың түріне де байланысты.

Ал, тіркелмеген заңсыз қару тапсырушыларға қорқып, алаңдаудың керегі жоқ. Себебі, олар ешқандай қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартымайды.

Қосымша ақпараттар алу үшін Астана қалалық ІІД телефондарына хабарласуға болады:  8 (7172) 716-018, 716-170, 716-366.

“The Qazaq Times”