Үндістанда АҚШ президентінің сапары алдында азаматтық туралы заңға қарсы шеруде 5 адам қаза тапуып, 35 адам жарақаттанған.

Қақтығыс Нью-Делидің солтүстік-шығысындағы Маудупур ауданында болды. Шерушілер полицейлерге тас пен шөлмек лақтырып, тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін күш қолданды.

Үндістанда қаңтар айында азаматтық жөнінде заңға өзгертулер енгізілген болатын. Бұл халықтың наразылығын туғызды. Себебі онда Пәкістан, Бангладеш және Ауғанстаннан келген исламнан басқа дін өкілдерінің азаматтық алуы жеңілдетілген. Тұрғындар мұны нәсілшілдік деп айыптап, оны жоюды талап етіп отыр.

"The Qazaq Times"