Коронавирустің өршуіне байланысты Түркиядан кейін Тәжікстан да Иранмен арадағы шекараны жауып, әуе қатынасын тоқтатты. 

Тәжікстан азаматтық авиациясы агенттігі директорының бірінші орынбасары Әзиз Нәбизоданың айтуынша, Иранмен әуе қатынасы 24 ақпаннан бастап тоқтаған. Бұл жөнінде Иранның Varesh Airlines әуе компаниясы мен Тәжікстанның Tajik Air және Somoni Air әуе компанияларына ескертілген.

Иранда жаңа типті коронавирусты 43 адамның жұқтырғаны анықталса, қатерлі вирус салдарынан қаза тапқандардың саны сегізге жетті. Ресми мәліметтер бойынша, Иран Қытайдан кейін коронавирус дертінен ең көп жапа шеккен ел қатарына енген.

"The Qazaq Times"