Еуропалық одақ COVID-19 коронавирусының өршуіне қарсы күреске 232 млн еуро бөлу туралы шешімге келді.

Жиында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен: «Вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау бірінші кезектегі басымдыққа ие болады. Еуропадағы, Қытайдағы немесе басқа елдердегі дайындықты артыруда халықаралық қауымдастық бірге жұмыс істеуі керек», — деді.

Ресми мәліметтер бойынша, Еуропалық одақ бөген қаражаттың 3 млн еуросы Қытайдың Ухань қаласынан Еуропалық одақ мемлекеттерінің азаматтарын қайтаруға бағытталған. Еурокомиссия ЕО елдерінің репатриацияға арналған көлік шығындарының 75% жабады; 114 млн еуросы – ДДҰ шараларын қолдауға, 15 млн еуросы – Африкадағы серіктес елдерге, 90 млн еуросы – фармацевтік компанияларға және 10 млн еуро эпидемиология, диагностика және терапия салаларындағы зерттеуге бөлінбек.

Айта кетейік, Ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2619 кісі көз жұмып, 79,3 мың адам жұқтырған. Қытайдан тыс жерде: Филиппин, Гонконг, Жапония, Франция, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея және Иранда 27 адам вирустан айыға алмай, көз жұмған. Бүгін белгілі болған дерекке сәйкес, 79 341 адам инфекция жұқтырып, 1868 науқас вирустан қайтыс болғанын хабарланды.

"The Qazaq Times"