Израиль осыдан 25 жыл бұрын жаулап алған Батыс Шерияда жаңа қала салуды бастап отыр. Израиль үкіметінің ресми хабарына қарағанда жаңа қоныстың тұрағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жағынан бекітілген екен. Бұл жаңа қалаға өткен айда жабылған Амона еврей елді мекенінің тұрғындары орналастырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.

1993 жылы Израиль қол қойған «Осло» келісімінен кейін еврей қоныстарын салу қадамы алғаш рет ашық жария түрде болып отыр. Израиль үкіметі Ослодан бері жаулап алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі еврей елді мекендерін әрдайым кеңейтіп келді. Бірақ, жаңа қала-қалашық құрмаған болатын. Израиль жаулап алған Батыс Шерияда шамамен 400 мың,  Шығыс Иерусалимде 200 мың еврей тұрғын бар. Ал, халықаралық құқыққа негізделгенде бұл аталған еврей елді мекендері заңсыз боп саналады.

“The Qazaq Times”