Қазақстандық ғарыш аппараты KazSat-2 байланысы үзіліп қалды. Яғни, бүгін таңертеңгі Астана уақыты 08:22-де ғарыш аппаратында оқыс жағдай туылған. Байланыс үзіліп қалған. Бұл туралы «Ғарышпен байланыс республикалық орталығы»-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінге дейін еліміздегі 13 байланыс операторы мен телехабарлар KazSat-2 ғарыш аппаратының қызметін тұтынып отырған. Олар қазір тоқтатылды.

Қазір Ақкөлдегі «Ғарышпен байланыс республикалық орталығы»-ның мамандары М.В.Хруничев атындағы орталықтың мамандарымен бірлесіп байланысты қалпына келтіруге күш салуда.

Естеріңізде болса, KazSat-1 ғарыш аппатары 2008 жылы байланыстан шығып, жоғалған болатын.

“The Qazaq Times”