Еуропалық одақ Ливияға қатысты қару-жарақ эмбаргосын қадағалайтын жаңа әскери миссия бастамақ.

Бұл жөнінде мәлімдеме жасаған Еуроодақ дпломатиясының жетекшісі Джозеф Боррель: «Ливияға қару-жарақ жеткізіліп жүрген жолдарды бақылауға алу үшін әскери кемелерді жіберетін болдық. Бұл бақылау қай негізде және қандай ережелерге сәйкес өткізіледі? Флотымызда қандай қимыл қабылдау керектігі туралы бізге ақыл беретін мамандарымыз бар», – деді.

Наурыздың соңында басталатын жаңа миссия Ливия жағалауын ғарыштан, әуеден және теңізден бақылайды. Бұған дейін одақ Жерорта теңізінде мигранттарды құтқаруға арналған «София» операциясын жүргізген болатын. «София» әскери-теңіз операциясы Таяу Шығыс пен Африка елдерінен мигранттардың Еуропаға заңсыз тасымалына қарсы жүргізілген. Осы айда аталған операция аяқталады.

"The Qazaq Times"