Бүгін The Qazaq Times-тың "Talk-TOR"-інде сұхбатта болған белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахмет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы ой бөлісті. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шынайы іске асу деңгейі, бергені қандай?
Зайырлы қоғам мен ғаламдану үдерісіндегі ұлттық идеологияның әлеуетін қалай бағамдауға болады? Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бойында әл-Фарабидің «Парасатты адам іліміндегі» 12 қасиеттің қайсысы болмады? Назарбаев пен ресми академик куәлігі жоқ «дала академигінің» арасындағы ұлттық идеология туралы келіспеушілік
...Ресей отаршылдығын жүзеге асырудың 45 жыл сыналған «ең төте әдісі» қандай? Қазақ халқын, оның табиғаты мен болмысын сақтаған «құдірет» ше? Ол не еді?
Ғылым абызының тоқсаннан асқандағы жазған еңбегі не жөнінде? Абайға дейінгі қазақтың рухани бірнегізді болмысы неден қалай бұзылды? Білім және мәдениет министрліктерінің мойнына жүктелген «тарихи жауапкершілік» туралы... Абай жылы Абайдың атынан гөрі затын жете танудың жолы...
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы мемлекет басқарудың қор-ұйытқысы ұлттық идеологияның жай-жапсары жөнінде келелі ой, кемел пікір білдірді.

"The Qazaq Times"