Қытай Сыртқы Істер министрлігі сейсенбі күні хабарлама жариялап, ҚХР төрағасы Ши Жинпиң  (Си Цзиньпин) Флорида штатына барып,  Мар-а-лаго (Mara-a-lago) элитный районында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайындалып жатқанын айтты.  Трамп жаңа үкіметі мен Қытай арасындағы алғашқы ресми кеңейтілген отырыс осы аталған жерде болмақ.

Бірнеше аптадан бері бұл кездесу жоспарлау сатысында болған, көмекшілер нақты мәселелер жөнінде орналастырулар жасап келді. Ақ үй өкілдерінің бірінің айтуына қарағанда Қытай тарабы кездесуді Трамптың курортында өткізуді қайта-қайта талап еткен. Алайда, Ақ үй жақ ондай орта кездесуде талқыланатын кейбір өткір мәселелердің зілін жұмсартады деп қабылдамаған. Екі ел басшысының ресми күн тәртібі белгілі болды – Олар екі ел қарым-қатынасындағы ең өзекті деген мәселелерді ортаға салады; Трамп Қытайдың әділетсіз сауда келісімдері туралы мәселерді алға тартады; Солтүстік Кореяның ядролық қаруды дамытуы мен арандату істері де айтылады; Сонымен қатар америкалықтарды алаңдатып отырған Қытай теңіз армиясының Оңтүстік Қытай теңізіндегі әрекеттерінің жиілеуі де сөз болмақ.

Кездесу келесі сәуір айының 6-7-ші күндері болады деп күтілуде. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс У. Тиллерсон жақында Қытайда болып қайтқан еді. Ол және Қытай астанасында ҚХР төрағасымен кездесіп, келесі кездесу туралы нақтылап кеткен болатын. Қытай Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз мәлімдемешісі: "Қытай басшысы Финляндия сапарынан кейін бірден АҚШ Флоридасына жол алады", – деді.

9 ақпан күні екі ел басшысы Америкадағы президент алмасуынан кейін алғаш рет телефонда сөйлескен болатын. Бұл сөйлесуде олар «Үлкен Қытай» саясатының мойындалатыны, Бейжіңнің бірден бір дипломатиялық әріптес екенін, Тайуан (Тайвань) жақты дербес қабылдамайтыны туралы келіскен еді. Алайда, президенттік таққа отырудан бұрын Трамп: «Үлкен Қытай» саясатын қайталай талқылау керек», – деп қытайлық билікті орнынан өре тұрғызған болатын.

“The Qazaq Times”