АҚШ «Солтүстік ағын – 2» газ құбырының құрылысына қауіппен қарайды және аталған жобаны аяқтауға Ресейдің технологиялық мүмкіндігі жоқ деп санайды.

Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда АҚШ Энергетика министрі Ресей бастамасымен жүзеге асатын жоба құрылысы қайта жалғасса, Америка тарапынан шектеу шаралары қарастырылады деп мәлімеді. Ал АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, аталған жоба – таза коммерциялық жоба емес, саяси құрал. Ресей геосаяси бағдарламаны ілгерілету үшін энергия тасымалдаушыларды қолданбақ.

Ресейлік «Газпром» «Солтүстік ағыс-2» консорциумын басқарады. 11 млрд доллар болатын құрылыс биыл аяқталуы керек. Құбыр жұмыстары Ресей газының Германияға Украина аумағын айналып өту көлемін екі есе арттыру мақсатында қолға алынған. Бірақ жоба Америка санкциясынан кейін уақытша тоқтатылды. Құрылыс толығымен аяқталуы үшін әлі 100 шақырымнан астам жерге құбыр жүргізу керек. Бұған дейін Ресей билігі 2020 жылдың соңы немесе 2021 жылдың аяғында жобаның құрылысы аяқталады деп хабарлаған.

"The Qazaq Times"