Режеп Тайып Ердоған 3 ақпанда Киевте өтетін Украина—Түркия стратегиялық кеңесінің VIII отырысына қатысады. Кеңесте Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірқатар келіссөздер жүргізбек.

Ресми Анкара хабарламасында: «Киевте министрлердің қатысуымен өтетін кеңес отырысында барлық екіжақты және аймақтық мәселелер талқыланады. Келіссөздер барысында Қырым мәселесі, Қырым татарларының жағдайы да талқыланады. Сапар кезінде Түркия мен Украинаның стратегиялық серіктестік байланысы қарастырылады», — делінген.

Сонымен қатар Ердоған мен Зеленский кеңес отырысы аясында өтетін түрік-украин бизнес форумында кәсіпкерлермен кездеседі.

"The Qazaq Times"