Бүгін астанада Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің адвокаттары Абзал Құспан, Макиш Есқараев, Ерлан Мәкенов, Саян Жүнісбаев, Алмас Әбдірахмановтың ұйымдастыруымен «Ұлттық бюроның арандатушылық әрекеттері» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатынан хабар жариялаған едік. Енді адвокаттар берген тың материалдар бойынша қосымша ақпарат ұсынамыз. «Пара алуға оқталды» деген айыппен 10 айдан бері түрмеде отырған ​ Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің ісіне қатысты өз үкімін шығарар сәтте судья Қажымұқан Мекемтас неге «ауырып» қалды? Әбішевтер әулетінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па? Әбішевтер отбасы түгел «пара алушылар» мен «пара берушілер» ме? Ұлттық бюро мен прокурор тарапынан қандай «қысым» болып жатыр?

Абдурахманов А., Құспан А., Есқараев М., Жүнісбай С. істің жай-жапсарын ашып айтты.

«Пара алуға оқталды деген айыбын сот тергеуінде күл-талқанын шығардық. Сот процесі барысында ұлттық бюро қызметкерлері заңсыз араласып, куәгерге қысым көрсетті. Бұған нақты дәлел жеткілікті. Үш ай жасырын тергеу жүргізген антикоррупция қызметі ешқандай қылмысты анықтай алмаса да, ақпарат құралдарында қаралау мақсатында жалған бейнехабар таратты. КТК-дан бастап, Азаттыққа дейін осыны таратты. ...Күдікті ретінде тартылған Әбішев пен Түкиевке қатысты «пара алуға оқталу» деген айып өз дәлелін таппаған соң, енді Ұлттық бюро қызметкерлері олардың туған-туыстарының (қыздары мен бауырларының) үстінен «пара беруге оқталу» деген айыппын іс қозғап қойыпты. Оған негіз ретінде тергеу изоляторындағы біздің кейбір әңгімемізді жазып алған екен. Бірақ онда айтылған сөздің ешбірінде пара беру арқылы істі тоқтату туралы шешім-тоқтам болмаған»,– дейді Абзал Құспан. Десе де құқық қорғау органдары «құпиялылығына кепілдік» берілуі тиіс кездесудегі сөздің стенограммасын ұсынбаған. Осылайша, «ұлттық бюро заңды аттап өтіп, арандату әдісімен көпе көрнеу, негізсіз іс қозғады» дейді.

Бұған дейін Ислам Әбішев 2012 жылы АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінде қызметінен аластатылды. 2014 жылдың шілдесінде қайтадан комитет төрағасы қызметіне келді. Ал 2019 жылғы 14 наурызда Әбішевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тұтқындады.

«Үш айдың үстінде жедел-іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілсе де, қолына бір тиын алмаған Әбішевке қалайша «ол пара алғысы келді» деп айып тағуға болады?

Бұрын қаржы полициясынан жұмыстан қуылған, үстінен бірнеше мәрте

қылмыстық фактілер бойынша арыздар түскен, өзі құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жүргені толық анықталған бір адам еш дәлелсіз, дәйексіз екі бірдей мемлекет және қоғам қайраткерін соттатып жібере бере ме?

...Қаңтар айының 28-і күні ҰБ қызметкерлері Әбішевтың қыздары Гүлмира Әбішева, Мәдина Әбішева, інілері Ералхан және Қаныбек Әбішевтерге қатысты істі қайта жандандырып, оларды күдікті деп таныды. Ал сотталушы Әбішев пен Тукиевті күдікті деп тануға қаулысы дайын тұр (адвокат мәселесі шешілмеуі себепті кейінге қалдырылды)», – деп, шарқ ұрған құқық қорғаушының қорғау сөзінде біраз мәселенің түйінін тарқатты.

Әбішев ісіндегі басты фигураның бірі, арызданушы-куәгер Азамат Шаймерденов "құпия қызметтермен" ынтымақтастықта. Фото: Әбішев адвокаттарынан

Адвокат Абзал Құспан азаматтық қоғам белсенділері «сексот»  (секретный сотрудник) деп атайтын, куә-арызданушы Шаймерденов пен нақақ күйе жағылып жатқан Ислам Әбішевтің арақатынасы туралы бірқатар маңызды деректерді бөлісті:

– Қылмыстық істің 1 томы, 3-5 беттерінде Шаймерденовтың жазған  арызы бар, ол арызға сәйкес И.Әбішев оның басқаруындағы «СМП 610» мекемесінен  2014 жылы 1 млн  доллары көлемінде пара алды деген дерек көрсетілген. Сол кездегі курс бойынша ол ақша 180 млн теңгеге келеді, Шаймерденовтың «Қазбайлықтан» 250 млн теңге алып, оның 190 млн теңгені өзіне алып қалып, Әбішевке бермекші болған 60 млн теңге сол ақшаның айырмасы екен-мыс! Енді осы аңыз-легенда негізінде тергеу органдары, Шаймерденовтің арызын тіркеп, ол бойынша бірнеше ай көлемінде тергеу әрекеттерін жүргізіп, кейіннен 15.03.2019 жылы Әбішевтің іс-әрекетін саралау барысында, сол 2014 жылы 1 000 000 доллары көлемінде пара алғаны үшінде күдіктелетіні көрсетілген. Яғни Әбішев пара алуға оқталудан бөлек, аса ірі көлемде пара алғаны үшінде күдікті деп танылды.

Енді, ең қызығы кейіннен іс қазақ тіліне аударылған соң, ЖТТ құрамы жаңартылып, ЖТТ басшысы болып А.Аташев танылғаннан кейін Әбішевтің 2014 жылы Шаймерденовтен 1 млн доллары көлемінде пара алғаны туралы факт бойынша Аташев тарапынан Әбішевке қатысты қылмыстық іс «қылмыс құрамының болмауына» байланысты тоқтатылған. Яғни Шаймерденовтың алғашқы құрған аңыз-легендасының күл-талқаны шықты. Дегенмен, прокурор бұл тақырыпты мейлінше айналып өтуге тырысуда, – деді.

Сондай-ақ Ислам Әбішев адвокатқа берген жауабында «менің   үстімнен   арыз   беруші   Шаймерденовтің   маған   жеке   басының   үлкен   бас   арыздығы   бар.   Оның   себебі,   арыз   берерден   5-ай   бұрын   мен   басқарған   су   ресурстары   комитеті   мен   Шаймерденовтің   компаниясы   СМП-610   арасындағы   келісім   шартты   (құны   7,6   млрд   теңге)   бір   жақты   менің   талабым   бойынша   үзген   болатынбыз.   Мұның   заңдылығы   сот   арқылы   дәлелденген» дегенін ескерсек, арызданушы Шаймерденовтің кек тұтуы мен  үлкен сомадан қағылған жоғары шенділердің ортақ мүдделестігінің заңдылығын бағамдауға болады деп санайды азаматтық белсенділер.

Қылмыстық іс бойынша жіберілген (әрқайсысы қылмыстық істі қысқартуға немесе ақтау үкіміне негіз болатын) концептуалды процесстік заңбұзушылықтар:

Сот жүргізу тілі заңнамасының бұзылуы

Қылмыстық істі тергеу ЖТТ жетекшісі Д.Бахытовтың 21.12.2019 ж. шешімімен еш дәлелді себепсіз орыс тіліне ауыстырылған;

Істі қайта қазақ тіліне аудару туралы өтініштер ҚР Ұлттық Бюросы ЖТТ тергеушісі А.Н.Қарабаевпен 08.05.2019 ж., қанағаттандырусыз қалдырылған;

Қорғау тарапынан Бас Прокуратураға берілген шағым 1 қызмет басшысы С.Р.Шалабаевпен 10.06.2019 ж. қанағаттандырусыз қалдырылған;

10.06.2019 ж., тергеу сотының судьясы Исаеваның Қаулысымен айыптау тарапының әрекеті заңсыз деп танылды, ҰБ тергеушілері атына тіл заңдылығын бұзғаны үшін Жеке қаулы шығарылды;

1 том 13 бет

3 том, 149 бет

28 том, 4 бет – қорғау тарапынан өтініштер

3 том, 155 бет - тергеуші Қарабаевтың Қаулысы

Іске әлі жалғанған жоқ

28 том, 7 бет

Сол арқылы ҚР  ҚПК ның 9 б., 2 б., 30 б., 1 мен 2 б. талаптары бұзылған,

ҚР ҚПК-ның 436 б., 1 б. сәйкес бұл жағдай сот үкімінің бұзылуына негіз болуы мүмкін

 

Сараптама қорытындысының заңсыздығы туралы

Қылмыстық істе ШҚО бойынша сот сараптамасы Институтының сарапшысы Г.К.Кудайбергенованың №1348 санды, 28.06.2019 ж., №1349 санды, 21.06.2019 ж., №1350 санды, 25.06.2019 ж., №1351 санды, 24.06.2019 ж., сот психологиялық- филологиялық сараптамаларының қорытындылары (СПФС) бар;

 

Аталған сараптамаларға сәйкес И.Әбішев те С.Түкиевте арызданушы Шаймерденовтен пара талап еткен.

8-9 томдарда толығымен осы 4 сараптама тігілген;

Қорғау тарапы 24.10.2019 ж. сот отырысында ҚР ӘМ сот сараптама орталығының директоры  Д.Гауриевтің атынан шығыс; 20-05-15 №3133 санды 04.10.2019 ж. рецензиясын іске жалғады. Оған сәйкес, сарапшы Г.Құдайбергенова сараптама жүргізу туралы методикасын, «Сараптама туралы» заңы талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармағының талаптарына сәйкес іс сөзсіз тоқтатылуға (қысқартылуға) жатады! Себебі, сараптама қорытындылары ең негізгі дәлелдеме болып табылады, өйткені И.Әбішев пара алу туралы емес, алуға оқталды деп айып тағылған. Тиісінше ең негізгі дәлелдеме олардың өзара сөйлескен әңгімесіне жасалған сараптама болып табылады!

 

Арандатушылық-айдап салушылық туралы

И.Әбішевтің Шаймерденовтен ақша сұрауы мүмкін емес, себебі 2018ж. күзінде СРК-КВР «СМП-610» ЖШС-мен шартты біржақты бұзған, оның арты дауға ұласқан, Шаймерденов Әбішевтың үстінен сол үшін арыз жазған, сотқа берген

 

Ислам Абишевке қатысты ақша туралы мәріметтер мен әңгімелер тек қана екі жағдайда жазылған, оның; 1.20.01.2019ж.  Риксос қонақ үйінде

 

2.07.03.2019ж. Астана-Шымкент бағытындағы ұшақта

 

16 том, 40-45 беттер заңды күшіне енген сот шешімдері,  «СМП-610» ЖШС қызметкері  А. Жампозовтың және СРК-КВР қызметкерлерінің жауаптары

 

9 том, 11-42, 69-86 беттерде сараптама стенограммалары бар.

Әңгіме мазмұнында екі тараптан да пара туралы бір ауыз сөз жоқ!

 

9 том, 165 бетте. Осыған сәйкес:

- А.Шаймерденовтың арызы бойынша 60 млн.теңге пара талап етті деп айыпталған И.Әбішев қоңырау шалып А.Шаймерденовті кездесуге шақырмаған;

- сол күнгі ұшақтағы кездесу А.Шаймерденовтің бастамасымен ғана орын алған, өйткені қорқытып ақша талап етті деген И.Әбішев еш хабарсыз кеткесін соңғының ұшыққа отырып Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын біліп, ұлттық бюроның жедел қызметкерлері 07.03.2019ж. дереу А.Шаймерденовті Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына шақырып алып, сол жерде сағат 14.45-14.50 уақыт аралығында А.Шаймерденовке «Москит» маркалы диктофонын беріп (13-бума, 29-бетте арнайы құралды тапсыру туралы хаттама), ұшаққа отырғызып жібереді.

- Ұшақта отырып, өзіне хабарласпаған, шақырмаған И.Әбішевке байланысқа шығады, сұранып қасына отырып алады;

- И.Әбішевтің қасына отырып, ақша туралы әңгімені өзінен-өзі бастайды, арасында 50 млн.теңге туралы да айтады, алайда стенограммадағы әңгіме мазмұнында И.Әбішев А.Шаймерденовтің ақша туралы әңгімелеріне дұрыс жауап қатпайды және ақша талап ету немесе сұрау туралы әңгіме қозғамайды. 50 млн.теңге ақша туралы әңгімелер мүлдем басқа қос мердігерлікпен байланысты тақырыпта қозғалады;

- стенограмма мазмұнына сәйкес, И.Әбішев С.Тукиевтің Федерацияға демеушілік ретінде А.Шаймерденовтен 10 млн.теңге алғанынан да бейхабар болып шығады.

Дәл осы жағдай стенограмма мазмұнымен ғана дәлелденіп қоймай, 31.10.2019ж. сот тергеуінде берген А.Шаймерденовтің өзінің жауаптарымен расталады. Атап айтсақ, 20.02.2019ж. бастап 07.03.2019ж. ұшаққа отырғанға дейін бұрын соңды 50 млн.теңге ақша талап етті деген И.Әбішев өзінің тарапынан ешқандайда қорқытып пара талап етушілік әрекетін жасамаған, А.Шаймерденовке хабарласпаған, оны кездесуге шақырмаған.

Сол себепті ҚР СЖҚК ҰБ-ның жедел қызметкерлері бірнеше айға созылған жасырын тергеу амалдарының түпкілікті нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 07.03.2019ж. И.Әбішев Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын біліп, А.Шаймерденовты әуежайға шақыртып алып, оған дыбыс жазба құралын тапсырып, ұшақта И.Әбішевтің қасына отырып алып, ақша туралы әңгіме қозғауға әдейі итермелейді.

Жедел қызметкерлер мен А.Шаймерденовтің өздерінің әрекеттерімен И.Әбішевті парақорлыққа арандатқаны, жоғарыда көрсетілген дәлелдерден бөлек, А.Шаймерденовтің Шымкент қаласының әуежайында жедел қызметкерлерімен кездесіп, диктофонға жазылған әңгімелерін талқылап жатқан сөздерінен анық байқалады. Алайда дәл осы әңгімелер СПФС зерттеу объектісіне жедел қызметкерлері әдейі кіргізбей қояды!

ҚР СЖҚК ҰБ-ның жедел қызметкерлері мен А.Шаймерденовтың осы қылмыстық істің аясында жасаған әрекеттері қылмысты иммитациялау емес, И.Әбішевті және С.Түкиевті құқық бұзушылыққа итермелеуге және парақорлыққа араңдатушылыққа анық бағытталған. Ал ҚР «Жедел-іздестіру қызмету туралы» Заңының 15-бабында, жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және араңдатуға шектеулер қойылған!

 

Айыптау тарапынан куә деп танылған тұлғалардың сот тергеуінде берген жауаптары

Куә А.Жампозовтың тергеудегі жауаптары (Айыптау актісінен): Куә А.Жампозовтың соттағы жауаптары
Куә А.О. Жампозовтың жауаптарымен, онда өзіне И.А. Абишевтің  А.К. Шаймерденовтің достарына «Соколов топтың су құбыры» мемлекеттік сатып алу алып беру үшін 120 млн. теңге ақшалай қаражат алу жоспарлап жатқаны туралы мәлім болғаны. 2018ж. шамамен 15-16 желтоқсанында «Монака» мейрамханасында болған кезінде, сыртта А.К. Шаймерденов пен С.А. Тукиевтің араларында «Қазақ күресі» демеушілік көмек туралы әңгіме болып жатқаны туралы естігенін. И.А. Абишев не себептен С.А. Тукиевке ақша қаражатын беруді созбалаңдыққа салып жүргенін. Содан И.А. Абишев ақшаны беруді а.ж. 01 ақпанына дейін беруді болмаса «Соколов топтық су құбыры» бойынша ақшалай қаражатты қысқартатынын, өз кезегінде С.А. Тукиев ақша тез арада қажет екенін айтқанын. А.Шаймерденов шығып кеткеннен кейін И.Абишев барлығына одан ештеме сұрамадым деп арнайы айтқанын, себебі ол жазып алу мүмкін екенін, А.Шаймерденов өзі демеушілік көмек беремін деп айтқанын.

А.ж. 13 наурызында Астана қаласы, Тұран көшесінде орналасқан «Традициональ» мейрамханасында К.А. Әбішевпен және   К.Ш. Шындаулетовпен жолығу барысында К.А. Әбішев өзінен А.К.Шаймерденов туралы сұрастырғанын. Өзіне К.А.Әбішевке және К.Ш.Шындаулетовке «Соколов топтық су құбыры» мемлекеттік сатып алу бойынша А.К.Шаймерденовтен ақшалай қаражатты алуды И.А. Абишев тапсырғанын түсінгенін көрсеткен.

 

Іс беті: 16 бума, 40-45 б.

Іс беті: 28 бума, 48-49 б.

Сот тергеуінде куә А.Жампозов тергеу кезінде берген 4 бірдей жауабынан толық бас тартып, өзіне тергеу тобының көрсеткен қысымы туралы ашық мәлімдеді. Ең шынайы жауап биылғы жылдың ақпан айында тергеуші Идрисовке берген жауап алу хаттамасын тергеутобының жетекшісі А.Агибаев мамыр айында жыртып тастап, Идрисовтың атынан алынған жауапты қайта жасақтап, соған қол қоюға мәжбүрлеген. (Куә сөзінің жауабы, сол хаттамада жауап алған тұлға ретінде Идрисовтың көрсетіліп, хаттама соңында Агибаевтың қол қоюымен құжат түрінде де расталады!). Одан кейінгі  жауаптардың бәрін де тергеушілер өздері жасақтаған, бұл тек қолын қоюмен ғана шектелген. Тергеу тобы іс сотқа жеткеннен кейінде қысым көрсетуін қоймаған, олар куәні өздеріне шақыртып, телефон арқылы қорқытқан, «ватсап» арқылы 4 жауап хаттамасын жолдап, сотта сол хаттамаларда жазылған сөздерді ғана қайталап айтып, ал адвокаттар сұрағына «есімде жоқ» деп айтуын тапсырған. Куәнің ол сөздері өзі сотқа ұсынған және іс материалдарына жалғанған тергеу тобы мүшелерінің жазған СМС хабарламаларымен толық дәлелденді. Куәнің жазбаша өтініші бойынша сот оған қорғау тағайындап, қорғауды ҰҚК қызметкерлеріне тапсырды. Өзінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп отырған тұлғалар ретінде куә сотта СЖҚК Ұлттық Бюросы қызметкерлері мен осы іс бойынша арызданушы А.Шаймерденовты атап көрсетті және оған нақты дәлелдерін ұсынды.

 

 

Куә Макишевтың тергеудегі жауабы Куә Макишевтың соттағы жауабы
Куә А.С.Макишевтің жауабымен.             Келісім шарт жасалғаннан кейін, шамамен 2018 жылдың қараша айының аяғында желтоқсан айының басында, А.Шаймерденов кездескен кезде өзіне, Ислам Абишев одан «Казбайлық Астана» ЖШС ақшаны, яғни 250 000 000 теңгені қашан береді деп сұрап жатыр дегенін. Өз кезегінде бұл сөздерді Азамат Тюлегеновке жеткізгенін, бірақ ол өзіне әрдайым қазір әзірге ақша жоқ деп айтқанын. 2019 жылы ақпан айының басында А. Шаймерденов өзімен кездескен кезде, И. Абишев біз уәде еткен ақшалай қаражаттарды беруді талап етуді жалғастыруда, бермеген жағдайда Комитет СРК Соколов су құбырын қайта жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындарды секвестрлейді, бұл өз кезетінде, «Казбайлық» ЖШС мемлекеттік сатып алу бойынша бекітілген келісім шарт бойынша, өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынған 500 млн. теңге мөлшеріндегі банк кепілдігін қайтаруды кешіктіруге әкеліп соғады деп айтқанын. Оның үстіне, қашан екені есінде жоқ, А. Шаймерденов өзімен әңгіме барысында, Ислам Абишевтың «Қазақ күресі» қоғамдық бірлестігінде Тукиев Серик деген досы бар, ол біз ақшалай қаражаттарды беру туралы өз міндеттерімізді орындамай жүргенімізді біледі деп айтқанын, өзіне, сондай ақ «Казбайлық Астана» ЖШС басшылығына, өзінің түсінігі бойынша өздерінің «торпед»-балуандарын, олар күш қолданып деп қорқытқанын айтқанын.

Іс беті: 22 бума, 1-5 б.

Сотта берген жауабында А.С.Макишев тергеуде берген жауаптарынан бас тартып, өзінің тек қана А.Шаймерденов пен «Қазбайлық» ЖШС басшыларын таныстыру мақсатында ғана әрекете еткенін, ешқашан ешкімнен ақша алып, оны Шаймерденов немесе басқа біреуге беру ойы болмағанын, сонымен қатар өзінің ешқашан «Қазбайлық» ЖШС директоры болмағанын және ешкімге директорымын деп айтпағанын көрсетті. И.Абишев пен С.Түкиевке қатысты ақпаратты тек қана А.Шаймерденовтен естігенін, ол ақпараттардың басқа ешқандай дереккөзі болмағанын атап өтті. Одан басқа, тергеу органдарының оған қатысты «Қазбайлық» ЖШС директоры ретінде ЖІШ (жедел іздестіру шаралары) жүргізгенін білмегенін, ол жалған ақпарат екенін, арызданушы А.Шаймерденов оның директор емес екенін жақсы білетінін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Куә Тюлегеновтың тергеудегі жауабы Куәнің соттағы жауабы
Куә А.Б. Тюлегеновтың жауабымен. Шамамен 2018 жылдың қараша айының соңында Астана қаласы, Жаңажол көшесі, 19 үй мекен-жайындағы ЖШС офисінде А.Макишев екеуінің орталарында әңгіме өткенін, ол өзіне әңгіме барысында, «Казбайлық Астана» ЖШС аталған су құбырларын қайтадан жаңартудың мердігер ретінде таңдалып алынғаны үшін, СРК басшылығы «заңсыз» пара талап етіп жатыр дегенін. Өзіне Асхат Макишев атаған «откаттың» сомасы, келісім-шарттың сомасынан 4-5% құрайтынын, жалпы алғанда шамамен 250 млн. теңгедей болатынын. 2019 жылдың басында, Асхат Макишев менімен әңгіме барысында, СРК басшылығы оны «қинап жатыр» деп, яғни «заңсыз» түрде ақша талап етіп жатыр деп бірнеше рет айтқанын. Өзі Асхатты ренжітіп алмас үшін, өзіде қазір ондай ақша сомасы жоқ деп, оған жалтарып жауап бергенін. Бірақ, өзі негізінен ешкімге пара бергісі келмегенін және ниет білдірмегенін. айтып көрсеткен.

Іс беті: 22 бума, 26-29 б.

Сотта куә өзінің 2018 жылдың қараша айының соңында Астана қаласы, Жаңажол көшесі, 19 үй мекен-жайындағы ЖШС офисінде А.Макишевке жасалған келісім-шартың откаты ретінде 250 000 000 теңгені И.Абишевке беруге келісім бергені туралы мәліметті толық теріске шығарды! Ол ешқашан ешкімге пара беруге келісім бермегенін, ондай ниет тіпті ойында болмағанын атап көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданыстағы ҚПК талапарына сәйкес, куәнің жауабы іс бойынша маңызды дәлелдемелер қатарына жатқызылған. Осыған орай іс бойынша айыптау тарапынан көрсетілген куәлердің сотта берген жауаптарына тоқталып өтетін болсақ, іс бойынша арызданушы А.Шаймерденовтен басқа бірде-бір куә (!) И.Абишевке немесе С.Түкиевке қарсы «олар пара талап етті немесе бопсалады» деген жауап берген жоқ!

*Фото-кестелер адвокаттардың жеке келісімімен алынды.

"The Qazaq Times"