Қазақстандық ғылыми-көпшілік OYLA журналының франшизасы Австралия мен Жаңа Зеландия шығарыла бастады. OYLA Youth Science деп аталатын журнал 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап, ай сайын шығатын болады. Жаңа басылымның таралымы - 20000 дана, аудиториясы - студенттер, мектеп оқушылары мен ересектер. Баспагерлер атап өткендей, журналды ғылыми пәндер мұғалімдері мен  Жаңа Зеландияның ірі мектептері көріп, жоғары бағалады. Журналға https://www.oyla-science.com сайты арқылы жазылуға болады.

“Екі жылдың ішінде біз OYLA-ның жиырма нөмірін шығарып үлгердік. Осы уақыт ішінде редакциямыз журналдың сапасын арттыруға үнемі көңіл бөлген болатын, сондықтан халықаралық нарыққа шығуымыз осы жұмыстың заңды жалғасы болар. Біз Қазақстаннан экспортталатын алғашқы интеллектуалды өнім екенімізді мақтан тұтамыз, - деді OYLA журналының бас редакторы Гамзат Бияров.

OYLA ғылыми-көпшілік журналының франшизасы Австралия және Жаңа Зеландияда шыға бастады

Журнал ағылшын тіліне жай аударыла қоймай, батыстың білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімделді. Шетелдік тәжірибе болашақта OYLA журналының қазақ нұсқасының сапасын арттыруда пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта, тағы бірқатар елдердің баспашыларымен OYLA журналының франшизасын сатып алуға арналған келіссөздер жүргізіліп жатыр.

OYLA ғылыми-көпшілік журналының франшизасы Австралия және Жаңа Зеландияда шыға бастады

OYLA - Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік  журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білім алуға талпынатын ересек адамдарға арналған. OYLA журналы жаратылыстану ғылымдары - математика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдар - тарих, риторика, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау, өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады. Біз балаларға күрделі заттарды жеңіл тілмен түсіндіреміз делінген редакция баяатында. 

“The Qazaq Times”