Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

Анадолы ақпарат агентігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зізаладан 19 адам қаза тауып, 700-ден астам тұрғын емханаға жеткізілген.

Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған.

24 қаңтарда Анкара түрік провинциясының Акьюрт ауданында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінген. Түркия үкіметі жанындағы(AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 06.54-те тіркелген. Зілзала ошағы 13 километр тереңдікте орналасқан.

"The Qazaq Times"