Ресми Бейжің қауіпті вирусының адамнан адамға жұғатынын растады. Бұған дейін Уханда пайда болған қауіпті вирустың қалай тарап жатқаны анықталмай келген еді. Қазір Ухан қаласындағы 15 медицина қызметкері инфекция жұқтырғаны мәлім болды. Олардың біреуінің халы ауыр күйде.

Қытайдың өзге де бірнеше қала, провинцияларында вирусқа шалдыққан адамдар саны 200-ге жетті. Бірақ, вирус жұқтырғандар саны ресми мәліметтерден әлде қайда көп екені айтылуда. Ухан да және вирус тарап жатқан өзге қалаларда төтенше жағдай жариялау туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсыныс жасаған. Бұл туралы соңғы шешім сәрсенбі күні белгілі болмақ.

Қытайға көршілес елдер Ухан қаласынан барған жолаушыларды тексеруден өткізіп жатыр. Қытай және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу қорытындысына сәйкес, инфекция коронавирусқа алып баруы мүмкін делінген.

Айта кетейік, коронавирусқа әр түрлі вирус кіреді, бірақ олардың алты-жетеуі ғана адамға жұғады. Ресми деректе, 2002 жылы тараған коронавирустан Қытайда 774 адам көз жұмған.

“The Qazaq Times”