«Оскар – 2020» сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Толд Филлипстің «Джокер» фильмі 11 номинация бойынша бақ сынамақ.

Мартин Скорсезедің «Ирландиялық», Квентин Тарантиноның «Бір күні...Голливудта» және Сэм Мендестің «1917» фильмдері жалпы саны 10 номинациядан үмітті.  Басқа үміткерлердің қатарында Netflix-тің «Неке тарихы» және оңтүстік кореялық «Паразиттер» киносы бар.

«Паразиттер» жалпы алты номинацияда: «Үздік фильм» және «Шет тіліндегі үздік фильм", ал Пон Чжун Хо «Үздік сценарий», «Үздік режиссура» бойынша тізімде.

Биыл номинанттар арасында төрт рет үміткерлікке ұсынылған Сэр Энтони, екі рет жеңіске жеткен Том Хэнкс және қоржынына сегізінші «Оскарын» қосқан Аль Пачино да бар.

Былтыр 91-ші рет ұйымдастырылған кеште көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Queen британдық діни тобының мүшесі – Брайан Сингердің Фредди Меркьюри туралы музыкалық драмасы «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody) «Оскардың» басты категориясында үздік атанған. «Богемия рапсодиямы» музыкалық драмасы «Үздік дыбыспен жұмыс​», «Үздік дыбыс монтажы», «Үздік монтаж» (Джон Оттман) номинацясында және басты рөлдегі Рами Малек «Үздік актер» аталымында жеңімпаз атанды. Ал «Қара пантера» (Black Panther) «Үздік киімдер дизайны», «Үздік саундтрек» және «Үздік қоюшы-суретші жұмысы» аталымында топ жарды.

«Оксар-2020» үміткерлерінің тізімі төмендегідей:

Үздік фильм

«Бір күні Голливудта»

«Ирландиялық»

«1917»

«Паразиттер»

«Неке тарихы»

«Джокер»

«Қоян Джоджо»

«Феррариге қарсы Форд»

«Кішкентай әйелдер»

 

Үздік режиссер

Тоддд Филлипс («Джокер»)

Квентин Тарантино («Бір күні Голливудта»)

Мартин Скорсезе («Ирландиялық»)

Сэм Мендес («1917»)

Пон Чжун Хо («Паразиттер»)

 

Басты рөлдегі үздік актер

Хоакин Феникс («Джокер»)

Адам Драйвер («Неке тарихы»)

Леонардо ДиКаприо («Бір күні Голливудта»)

Джонатан Прайс ("екі әкелер")

Антонио Бандерас («Сырқат және даңқ»)

 

Басты рөлдегі үздік актриса

Рене Зеллвегер («Джуди»)

Скарлетт Йоханссон («Неке тарихы»)

Шарлиз Терон («Жанжал»)

Сирша Ронан («Кішкентай әйелдер»)

Синтия Эриво («Гарриет»)

 

Үздік анимациялық фильм

«Ойыншықтар тарихы-4»

«Мен денемнен айтырым»

«Жоғалған буын»

«Клаус»

 

Шет тілдегі үздік фильм

«Паразиттер» (Оңтүстік Корея)

«Сырқат және даңқ» (Испания)

«Қабылданбаған» (Франция)

«Бал елі» (Македония)

«Христово денесі» (Польша)

"The Qazaq Times"