Оңтүстік Африка елдерінен Мозамбик және Зимбабве шекарасындағы апатта 6 адам қаза тапты деп хабарлады trt.net
Оңтүстік Африка елдерінен Мозамбик және Зимбабве шекарасы маңында шағын моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Құлаған ұшақтағы 6 адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда ұшақта Мозамбиктің порт қаласы Бейрадан Зимбабвенің бас қаласы Харареге ұшқан ұшақта 2 экипаж бен 4 жолаушы бар болатын.

Мозамбик Полиция басқармасы директоры Гелиндо Вумбука апаттың Мозамбик маңындағы таулы аймақта болғанын атап, «Ұшақтың таулы аймақтағы қалың тұман кесірінен құлады» дегенді айтты.

Апатта қаза тапқан 6 адамның мейіттері тікұшақпен Зимбабве Матуре ауруханасына әкелінді.

«The Qazaq Times»