«Паш» сөзі қазақ тілді жалпақ қауымның арасында көктемде тиген жұқпалы тұмаудай тез таралып, сөйлейтін, жазатын қазақ атаулыны түгел  шырмап алған адасқан сөзге айналғалы отыз қырық жылдай болып қапты.

Паш сөзінің парсы тілінен ауысқан кірме сөз екендігін тіл мамандары жақсы біледі. Кеңес билігіне дейінгі  қазақ қаламгерлері бұл сөзді «әшкере, әшкерелеу» мағынасында қолданылып келген болатын. Мысал ретінде алар болсақ, Жаяу Мұса атанып кеткен жігерлі ақынның Шорманның Мұстапасы зорлықпен жалғыз атын тартып алып,  итжеккенге айдатып жіберген зорлығы мен  қорлығына ызыланып, елге оралғанда Шорманның Мұстапасына арнаған өлеңінде:

                     «Қылығын Мұстапаның паш етемін»

дегендегі сөздің мағынасы әшкерелеймін деген парсы сөінің  мағынасын дәл беріп тұр.  Ал бұл паш сөзін енді келіп, мағынасын мүлде алмастырып «мадақтау, ұлықтау» деген сөзге неге айналдырып жібердік?  Осы тәрізді «абыз» сөзінің тарихи термин екендігне мән бермей ол сөзді де сан құбылтып

былықтырып жатқан жағдайымыз бар. Абыз сөзі жұртшылықты   өнерімен тәнті етіп мойындатқан     идеологтарға ғана айтылатын термин сөз. Бұл сөз әйелдерге байланысты  еш қашанда айтлмайды. Бұл талапқа қарап жатқан біз жоқ. Кейбір ақын әйелдерді де абыз ақын деп ысқыртып жатамыз.

Мақсат- ата бабадан қалған асыл сөздердің мағынасын бұзбай, сөз табиғатын өз қалпында қолданып дамытуда жатыр. Өйткені әлемдегі ең бай қордалы тіл — қазақ тілі. Өйткені бізің тілдің сөздік қоры 2 400 000 сөз болса,

Бір жарым миллиард қытай халқының сөздік қоры  400 000-дай-ақ, ағылшын, орыстардың сөздік қоры бұдан да төмендей береді.

*Сайттағы материалды көшіріп басуға болмайды.

"The Qazaq Times"