Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тікелей қолдауындағы қандастар мәселесінне бағытталған «Отан – оттан да ыстық» атты жоба өз мәресіне жетті. Жоба қортындысы бүігн, 5 желтоқсан күні Алматы қаласындағы «Жастар орталығында» «Әр қазақ менің жалғызым» тақырыбымен өткізілді. Қортынды жиналысқа шетелдерден келген ондаған жас қатысып, жоба туралы және жалпы қандастар мәселесіне қатысты пікірлерін бөлісті.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі жағынан қолға алынған жоба қатарынан екі жыл табысты жүргізілгені белгілі. Жобаны Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы тікелей қолдағандықтан, Алматы қаласы бойынша қандастардың құжаттық және құқықтық мәселелеріндегі көптеген жұмыстарды атқарған болатын.

Жоба жетекшісі қортындысын жасады. Фото: Адырна

Қортынды отырыста аталған жобаның жетекшісі Құрметолла Мұхаммедханұлы жыл бойы қандастар мәселесі бойынша нақты жұмыстармен айналысқан жобаны тіпті де толықтыра түсуге болатынын айта келіп, өзінің бірқатар нақты ұсыныстарын да ортаға салды. Айталық, жобаны құқықтық сауаттылық тақырыбындағы кездесулерден мазмұны кеңірек мәдени шараларға қарай кеңейту; оқыту курстарының мерзімін ұзарту; табысты жобаны  алдағы жылдарда да тіпті де жүйелі жалғастыру қатарлы ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында «Отан – оттан да ыстық» жобасына қолдау көрсеткен ұйымдар мен жекелерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Айта кету керек, тәуелсіз көзқарас өкілдері жағынан аталған жобаның табысты тәжрибесін ескере отырып, жобаны Алматы қаласынан тыс, облыс аймақтарға (шеттен келген қандастардың шоғырлы қоныстанған облыс немесе аудандарға) дейін кеңейту туралы ұсыныстар да бар.

“The Qazaq Times”