Біріккен ұлттар ұйымының Жасыл климат қоры парниктік газдарды азайтуға 1 миллиард 870 миллион доллардан астам қаражат бөлмек. Бұл жөнінде Жасыл климат қорының аға маманы Лео Пак мәлімдеді.

Аталған ұйым Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жобаларына 557 миллион АҚШ доллар инвестиция құйған. Осы қаражатқа Қарағанды облысында 40 мегаватт күн электр станциясы іске қосылды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Жанғызтөбе ауылында күн электр станциясын салуға 16 миллион 700 мың доллар көлемінде несие берілген. Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанда 11 жасыл жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жасыл станциялар Қазақстандағы көмірқышқыл газын шығаруды 13 миллион тоннаға азайтады деген болжам бар.

Қордың жоспарлары штаб-пәтері орналасқан оңтүстіккореялық Инчонда халықаралық семинарда қаралады. Әлем бойынша біздің 95 тіркелген ұйымы бар қормен Қазақстан 3 жылдан бері байланыста. Ресми мәліметтер бойынша, 2019 жылдың өзінде БҰҰ-ның Жасыл климат қоры 124 жоба мақұлдаған. Олардың жалпы сомасы 5 миллиард 600 миллион доллар.

"The Qazaq Times"