Ирак парламенті премьер-министр Махдидің отставкасын мақұлдады, ол жұма күні доғарысты қабылдап, қызметінен кетті. Алайда екі айға жуық уақыттан жалғасқан наразылық әрекеттері толастар емес. Президент Бархам Салех енді парламенттегі ең үлкен топтан жаңа премьер-министрді тағайындауды сұрап отыр.

Ирак үкіметінің жаңа премьер-министрін сайлау бірнеше аптаға созылып кетуі мүмкін. Себебі, қайсы партияның басымдыққа ие екені анық емес. Жаңа үкімет пен жаңа басшы тағайындалғанға дейін Махди мен ол құрған бұрынғы үкімет уақытша қызметін атқарып тұрмақ.

Махдидің қызметінен кетуі Ирак азаматтарының наразылығын баса алмасы мүмкін. Себебі, олар бір ғана Махдидың отставкасын талап етіп отырған жоқ. Ел билігінің, билік жүйесінің толықтай өзгеруін үміт етеді. Олар ел билігін «бұзылған және Ирак болашағын жаратуға қабілетсіз» деп санайды. Әрі, олар Ирактағы кедейлік тақсіретін тартып отырған халықтың мәселесін шеше алмайды деп қарайды.

Шынында да, Ирактың отставкаға кеткен басшысы ғана емес, партияларының да сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқаны туралы сол елдің лауазымдылары да мойындайды. Алғашқы наразылықты күшпен басуға әрекеттенген басшысы ақыры қызметінен кетті. Алайда, Ирак үкіметі жемқорлық сынды жегі құрт қаусатқан кәрі емендей теңселіп тұр. Бұл жағдай біздің де елде жоқ емес.

“The Qazaq Times”