2017 жылы Кейкі батыр туралы деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәсілихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жария етті. 

Министрдің айтуынша көркем фильм түсірмей тұрып, деректі фильм жасау маңызды қадам. Өйткені, ол – тарихи оқиғалар мен фактілерге қанығу үшін керек. «Деректі фильді үлкен дайындықпен түсіріп болған соң ғана көркем фильм жасауға құқымыз болады, себебі, көркем дүниеннің әрдайым ықпалы жоғары» дейді министр мырза.

А.Мұхамедиұлы 2017 жылы белгілі тарихшы-ғалым О.Бекмағамбетовтың «Кейкі батыр» трихи фонографиясы шығатынын және батыр туралы спектакль қойылатынын содан кейін көркем фильм қолға алынатынын айтты.