ҚР Сенаты Мәжіліс мақұлдаған үш бірдей заң жобасын қарастырып жатыр.

Ресми мәліметтер бойынша, жобалардың бірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 3 жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң. Ал екіншісі – «республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы».

Биыл наурызда түзетілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің сақталуын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған кірістер 7081,3 млрд теңгені, шығындар – 12028,1 млрд теңге болған. Осыған қатысты премьер-министр Асқар Мамин: «Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға, экономикалық өсудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді», – дейді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді тапсырылған болатын.

"The Qazaq Times"