Ұрлық түбі қорлыққа жекізетін күн тумақ. Ұрлық жасау бұдан былай  ауыр қылмыстар санатына көшеді.

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында  «Қазақстан Ресупбликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Түзетулер туралы бірінші оқылымда баяндама жасаған Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов бірқатар өткір мәселелерге қатысты қатаң жазалау ұсынымдарын мәлімдеді. Генерал-майор Ахметжанов:

– Бұл түзетулердің бір бөлігі меншікке қарсы қылмыстарға қатысты. Алдымен, ұрлық, тонау және қарақшылық мақсатында үй-жайға, қоймаға, көлік құралына заңсыз бұзып кірумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық күшеймек. Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Демек, татуласу болмайды. Тіпті, залал орнын толтырса да, кешірім берсе де қылмыстылық жауаптылықтан босатылмайды, – деді.

Сонымен бірге қасақана кісі өлтіргендерге, педофилдерге, экстремистерге, есірткі сатушыларға, браконьерлерге, жануар дүниесіне қол сұққандар мен ұйымдасқан қылмысққа барған адамдарға жаза ауырлайтын болады.

Талдау процесіндегі заң жобасында ұрлық үшін 5 жылдан 12 жылға дейін жаза көзделуде. Ахметжанов таныстырған ведомство дайындаған заң жобасы мәжіліс депутаттарының қолдауын тапты.

"The Qazaq Times"