Германияның Kreditanstalt für Wiederaufbau (KfW)  ұлттық банкі 5,4 миллиард долларды қателесіп 4 банктің шотына аударып жіберген деп хабарлайды Блумберг агенттігі. 

Ұлттық банк өкілдері: "Біз қателік кеткенін тез арада анықтадық. Соның арқасында барлық сомманы толықтай қайтаруға мүмкіндік туды" - деп отыр. Бұл  адами фактордың қателігінен болған екен.

Агенттіктің мәлімдеуінше, бұл  KfW банкінің ақша аударымдары бойынша алғашқы қателігі емес. 2008 жылдың қыркүйегінде банк банкрот болған америкалық Lehman Brothers компаниясының шотына  300 миллион долларды қателесіп аударып жіберген болатын. Кезінде бұл оқиға саяси жанжалға ұласып, жергілік БАҚ өкілдері  KfW-ді "Германияның ең ақымақ банкі" деп атаған еді.

KfW - ГФР-дағы беделі жағынан Deutsche Bank пен Commerzbank банктерінен кейінгі үшінші орындағы ұлттық банк болып табылады.

 «The Qazaq Times»