АҚШ-тың Украинадағы елшісінің міндетін атқарып жатқан Билл Тэйлор президент Трампқа импичмент жариялау туралы сауалдарға жауап берді. Ол Трамптың Еуропа одағындағы АҚШ елшісі Гордон Сондланд мырзаға хабарласып, Байденге қатысты қылмыстық іс жөнінде сұрағанын растады. Бұған дейін Трамп Украинадағы америкалық дипломаттармен бұл тақырыпта сөйлескені «есінде жоқ екенін» және Сондланд мырзаны «онша танымайтынын» айтқан болатын.

Билл Тэйлор мырзаның куәлік етуінен кейін президент Трампқа импичмент жариялау мүмкіндігі жоғарлай түсті. Оның үстіне Украинадағы кейбір америкалық дипломаттар Сондланд мырзаның бір рет тамақтану кезінде әлде кімдермен сөйлесіп отырып «Украина жақ істі алға жылжытуға келісті» деген сөздер қолданғанын айтқан.

Шілдеден бері Трампқа қарсы импичмент жариялау туралы мәселелер қаралып келеді. Онда Трамп Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Жо Байденнің ұлы Хантер Байденнің үстінен жемқорлық айыбы бойынша іс қозғауды талап етіп, егер Зеленский үкіметі бұлай жасамаса Украинаға берілетін 400 млн доллар құнына ие әскери көмекті кешіктіретінін айтқан.

Трамптың бұл әрекеті «қызымет мүмкіндігінен пайдаланып, Укаинаға қысым түсірді» деп айыпталған болатын. Егер осы әрекеті толық дәлелденсе, онда АҚШ президентін қызметінен қалдыруға толық негіз бар. Себебі, ол Украинадан айыптауды талап еткен Байден Демократиялық партияның үміткері Жо Байденнің ұлы. Трамп өз әрекеті арқылы қарсыласының беделін түсіруді мақсат еткен деген болжамдар да бар.

Бірақ, президент Трамп өз кезегінде әкелі-балалы Байдендерді заңсыз әрекеттермен айыптаған. Трамп Байденді қызмет мүмкіндігінен асыра пайдаланып, Украина қауіпсіздік қызметкерлеріне қысым түсіріп, ұлына қарсы қылмыстық істі күшпен жаптырған деген айыбын тағып отыр.

Трамптың импичменті Сенаттың үштен екі өкілі қолдағанда ғана жүзеге аспақ. Бірақ, АҚШ тарихында бірде бір президент қызметінен қуылып көрген жоқ. 230 жыл ішінде тек екі президентке ғана импичмент жарияланған, бірақ олар айып астында өз қызметтерін жалғастырған. Кейбір сарапшылар осыларды алға тарта отырып, сондай-ақ, АҚШ Сенатында қазіргі кезде Республикашылдардың үстемдік құрып отырғанын ескере отырып, Трамптың қызметтен қуылуы мүмкін емес деген болжам айтады.

“The Qazaq Times”