Кешелі бері ел астанасында кезекті бюджеті зор дүрбелең жиын өтіп жатыр. Әлем сарапшыларының басын қосқан «Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысында 2020 жылы Еуразия елдеріне төніп түрған негізгі 10 қауіп-қатер рейтингісі талқылануда. 

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: Әлемдік экономика және саясат институты

Жиында «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына ірі БАҚ пен халықаралық институттар және көптеген мемлекет басшыларын мойындатқан  40-қа тарта беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Жоба ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда, 70 елдің 1100-ден аса кәсіби мамандар респондент ретінде сауалнамаға тартылған.

Жоба жетекшісі, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (ӘЭСИ) Ержан Салтыбаев және шара аясында дайындалған рейтингтің тең авторлары Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Карнеги қорының вице-президенті Эван Фейгенбаум (АҚШ), сондай-ақ ПИР-орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинскийлер (Ресей) сарапшыларға ауқымды зерттеу жұмысының қорытындысы туралы тарқатып айтып берді.

Жыл сайынғы рейтингті әзірлеудегі басты мақсат – Еуразия аймағындағы мейлінше өзекті сын-қатерлерді сценарлық болжау мен бағалау деседі.

ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев, жұмыс қорытындысына сәйкес, негізгі сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, зымыран-ядролық жарысы, сонымен бірге жаңа технологиялар саласында басып озуға бағытталған күрестің енгенін айтты.

 «Жыл сайынғы рейтинг әзірлеу кезінде біз оның ғылыми-зерттеу мәні мен қолданбалы әлеуетін тереңдетуге үлкен назар аударамыз. Биыл бізбен бірге жобаны дайындауға халықаралық сараптама орталықтарының жетекшілері мен беделді саясаткерлер және дипломаттарды қосқанда әлемнің 40 сарапшысы қатысты. 

Біз сондай-ақ мәселелерге жеке көзқарастарын білдірген сұхбаткерлердің деауқымын кеңейттік. Былтыр 60 елден 1000-ға тарта азаматтарды қатыстырсақ, биыл 70 елден 1 100 адамды тарттық. Яғни,  іріктеме аясы өтекең», – деді баспасөз конференциясы кезінде Ержан Салтыбаев.

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

Көрсетілген мәліметтерге сәйкес Еуразия 2020 үшін маңызды сын-қатерлер рейтингісіне келесі мәселелер енді-міс:

  1. 2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал

      АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жаңа мерзімге қайта сайланукампаниясын бастап кетті. Алайда қарсыластары оны импичментпенқорқытуда. Әлемнің жетекші державасының саяси дамуындағы белгісіздікбүкіл Еуразия үшін елеулі сын-қатерге ұласуы мүмікн.

  1. Жаһандық экономикалық құлдырау

Дүниежүзіне ықпал ететін кезекті экономикалық дағдарыс дамушы елдердегіэкономикалық мәселелердің салдарынан орын алуы мүмкін. Дамып кележатқан нарықтарда капиталдың кетуі әсерінен валюта бағамы құлдырап, соның кесірінен компаниялардың қарызға бату мәселесі күшейетіндіктен, жаһандық дағдарыс орын алуы болжануда.

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

  1. АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы

      АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің күшею қаупі былтырғырейтингтің алдыңғы қатарынан орын алған. Мәселе 2020 жылы да өзектілігінжойған жоқ. Вашингтон мен Бейжің шиеленісін толыққанды стратегиялыққарсылық деп атауға болады.

  1. Жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі

2019 жылы қырғи-қабақты бәсеңдетуде бәсі жоғары болған Жақын және ортақашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімінің күшін жойғанынакуә болдық. 2020 жылы әлем стратегиялық қару саласындағы «ойынережелерінің» жаппай жойылу ықтималдылығына тап болады. 

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

  1. Технологиялық үстемдік жарысының үдеуі

Технологиялық кеңістіктің геосаяси сегментациясы айқын бола түседі. Қытайлық Huawei және ZTE компанияларының мысалдары IT-өнімдердіөткізу нарығын аймақтандыру тетігінің үлгісі деп санауға болады. 

  1. Иранға қарсы әскери соғыс

      Ядролық келісімді жою Иран төңірегіндегі қарама-қайшылықтардың одан әрі ушығуына ұласуы мүмкін. Иранның геосаяси қарсыластарымен текетіресі киберкеңістікке кең таралуы мүмкін. Жағдай Таяу Шығыстағы бүкіл қауіпсіздік жүйесін қысымда ұстайды.

  1. Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс

      Солтүстік Кореяның бейбіт келісімге келу және АҚШ-пен қарым-қатынасын қалыпқа келтірудегі қадамдары баяу қарқынмен жүруде. Екі тарап арасындағы келіспеушіліктер арта үскен сайын келісімдердің құрдымға кету қаупі күшейеді. Жағдайдың ушығуына 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі ахуал ықпал етуі мүмкін.

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

  1. Терроризмнің жаңа толқыны

      ДАИШ-тың талқандалғанына қарамастан, террористік топтар дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әрекет ету ауқымын кеңейте түсуде. Жалғыз өзі күрес ұйымдастырғандардың қатары көбеюде. Бұдан бөлек, әлем мұсылмандар мен мигранттардың өзге конфессиялар терроризмі мен «ақ» терроризм аталған топтардың құрбаны болғанына куә болуда.   

  1. Басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны

Популизмді сайлау үдерісіне таңу және саясаткерлердің күрделі мәселелерді оңай шешуге деген ниеті қиратушы әлеуметтік қақтығыстарды күшейтеді, сондай-ақ этникалық және діни араздық қаупін тудырады.

  1. Климаттың өзгеруі тудыратын ауқымды мәселелер

Ірі державалар арасындағы кикілжіңдер мен келіспеушіліктер 2020 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күресті түбегейлі тоқтату қаупін тудырады, бұл басқа мемлекеттердің ұлттық мүддені желеу еткен өзімшілдік  саясатын жүргізуін жеңілдетеді. 

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

Кешелі бері ел астанасында (11-12 қараша күндері) «Назарбаев Орталығында» әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум түріндегі халықаралық беделді пікірталас алаңы – «Астана Клубының» «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында» тақырыбындағы бесінші отырысы өтіп жатыр.

Клуб сарапшылары пікірталасына «Вашингтон-Бейжің-Мәскеу» үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болмақ.

Спикерлер қатарында 9 бұрынғы мемлекет және үкімет басшысы, 9 министр мен 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар. «Астана Клубының» спикерлері мен құрметті қонақтарының қатарында Мұхаммед әл-Барадеи, Жозе Мануэл Баррозу, Ахмет Дәуітоғлы, Вацлав Клаус, Абдулла Гүл, Борис Тадич, Хамид Карзай, Джордж Фридман, Иэн Моррис, Роберт Каплан сынды танымал саясаткерлер бар.

«Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысы. Елорда. 12 қараша 2019 жыл. Фото: ӘЭСИ

"The Qazaq Times"