Парламент Сенатының жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау шартын ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

Аталған заң былтыр 29 наурызда бекітілген болатын. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Шартқа сәйкес тараптар бір-біріне олардың аумағында жүрген іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді. Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 мамырға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», – деп мәлімдеді.

"The Qazaq Times"