«АҚШ Сүриядағы мұнай кендері үшін ғана әрекет етіп отыр». Бұндай мәлімдемені Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров жасады. Оның айтуынша АҚШ терроризмге қарсы күресте табандылық танытпай отыр.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік телеарналарға берген сұхбатында АҚШ-тың Сүрияда мұнай контрабандалығымен айналысып отырғанын айтқан. Ол сөзінде: «Ушингтон Сүриядағы топтарды мұнай саудасынан түскен табысымен қаржыландырып отыр», – деген.

Лавровтың айтуынша Дамаск билігі мұнай кеніштерін өз бақылауына алуға тырысуда, алайда, АҚШ бұған кедергі келтіріп отыр. Жақында ғана Ресейдің СІМ тарабы АҚШ Сүрияда заңсыз мұнай өндіріп отыр деп айыптаған болатын. Мәлімдемеде айтылуынша, АҚШ Сүрияның солтүстік-шығыс аумағында заңсыз мұнай өндірісінен айына 30 млнд доллар көлемінде табыс тауып отыр.

“The Qazaq Times”