Twitter 22 қарашадан бастап әлем бойынша барлық саяси жарнамаларға тыйым салмақ, — деп хабарлайды «The Washington Post» басылымы.

Аталған әлеуметтік желінің негізін қалаушы Джек Дорсидің айтуынша, сайлаушылардың дауысын жинау үшін әлеуметтік желі қолданушылардың таңдауына кедергі жасамау керек. Сонымен қатар, 2020 жылы өтетін президенттік сайлау кезінде де кандидаттардың саяси жарнамалары бұрынғыдай жарияланбайды.

Биыл тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп Google корпорациясын 2016 жылы өткен сайлауда дауыс берушілердің ойын өзгерту үшін айла-шараға барды деп айыптаған болатын. Ал Facebook басшысы Марк Цукерберг саяси жарнамадан бас тарту идеясын қолдамағаны үшін қатаң сынға қалған.

"The Qazaq Times"