Алдағы бес жылда Қазақстанда 2,6 млн жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бұл жөнінде Үкімет отырысында мәлім болды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин сөзінде: «2017-2019 жылдар аралығында тиімді жүзеге асырылған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Соның ішінде 1,3 млн адам жұмысқа орналасты. 51 мың адам өз бизнесін ашты. 248 мың адам біліктілігін арттырды. 53 мың жас азамат алғашқы кәсіптерін игеріп жатыр», – деді.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2025 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 7,5% азайып, ірі инвестициялық жобалардың арқасында жұмыспен қамтылғандар еселенеді дейді. Жаңа жұмыс орындарының жартысы құны 41,6 трлн теңге болатын жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге аспақ.

"The Qazaq Times"