Мерекелердің төресі және ең көнесі, жер ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін, табиғат жан-дүниесімен жадырап, өзегінен қауашақ жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын, ең бастысы жасанды емес, табиғаттың өзі, Тәңірдің қалауымен тойланатын текті мереке.

Наурыз – жеті дәмнен нәрлі көже жасап, жаттың да жақынның да бір-біріне дәм татқызатын, ақ дастарқан басында алқа-қотан бірге ас ішетін ынтымақ пенбірліктің мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл-күйдің мерекесі.

Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңыз адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты, ырысты да тынысты жақсылықтарымен қауышыңыздар! Әз Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!

“The Qazaq Times”