Лондонда Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтіп, тараптар бірқатар құжаттарға қол қойды. Солардың бірі – Ақтауда Батыс Қазақстанды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз етуді көздейтін дата-орталықты дамытуға арналған цифрлық кәсіпорын салу.

Үкіметаралық комиссия отырысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде өткізілген кезекті алтыншы отырыста Қазақстанның Азаматтық авиация индустриясын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке әріптестікке серпін беру, «Астана» қаржы орталығында корпоративтік басқаруды дамыту талқыланды. Нәтижесінде, «Artex Construction» ЖШС мен «Independent Power Corporation» энергетикалық компаниясы Ақтауда жаңа дата-орталықты дамыту бойынша цифрлық бірлескен кәсіпорын құруға келісті. Жоба Батыс Қазақстанды көгілдір отынмен және жаңартылатын энергия көздерімен үздіксіз қамтамасыз ететін болады. Бұдан басқа тараптар қуаты 250 МВт экологиялық таза энергия өндіре алатнн энергетикалық компания құруға уағдаласқан. Өз кезегінде Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі мемлекеттік министрі Конор Бернс: «Қазақстан – жылдам дамыған және экономикасын әртараптандырылған мемлекет. Біздің үкімет іскерлік қарым-қатынасқа мүдделі, және инвестиция салу бойынша барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын», – дейді.

Айта кетейік, Біріккен Корольдік пен Қазақстан осымен алтыншы мәрте үкіметаралық комиссия отырысын өткізіп отыр. Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі мемлекеттік министрі Конор Бернс мен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко аталған жиынның тең төрағалары ретінде сайланған. Әр жиын барысында мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызмет көрсету бойынша талқылаулар болады.

"The Qazaq Times"