Ийис ышкаш эштеримге – Тыва қызы Монгуш Олесяның тамаша әні. 

Тыва ұлты Тыва Республикасының байырғы халқы. Орталық Азияны мекендейді. Тілі түркі тілдері тобына жатады, будда дінін және Тәңіршілдік ұстанады. Тывалар да бұрын көшпелі мал шаруамен ғана айналысқан. Жылқы, сиыр, кейбір аудандарда түйе мен қой өсіреді. Ұлттық тағамдары ет пен сүттен жасалады. Сиыр мен бұғы сүтінен кезінде айран, құрт, ірімшік даярлайды. Негізгі тағамдары – ет. Тывалардың баспанасы – кидисег деп аталатын киіз үй. Чум деп аталатын баспананы да қолданған. Үй жиһазы оюлап әшекейленген ағаш төсек, абдыра, ыдыс-аяқ, оюлы тері торсықтардан құралады. Ұлттық спорт өнерінің ішінде ең көп тарағаны – палуандар күресі. Халықтық өнерден бұға-шатра, черги-шатра, тугул-шатра секілді есепке негізделген, Тывалардың музыка өнерінің негізін әр алуан тұрмыс-салт жырлары, лирик. әндер, күлдіргі частушкалар, көмеймен айтылатын сығыт, қарғыра, хормей секілді халық әндері, сондай-ақ эпикалық сарындағы жырлар, аспапта орындалатын саздары бар. Кең тараған музыка аспаптары шекті-ысқышты – допшулуур, бызанчы, игил; іліп тартатын аспаптар – чадаған, шанзы, шелер-хомус, кулузун-хомус, демир хомус; үрлемелі аспаптар – мургу мен шоор. Ламалар мен бақсылардың үрлемелі сазды аспаптарына бурээ, бушкуур, тун жатады. Соқпалы аспаптары – шан, конча, дщамбра, кенгирге, дунгур. Ел аралап, өнер көрсететін әнші-жыршы, сазгерлер ұлттық музыка мәдениетінің дамуын жалғастырды.

“The Qazaq Times”